Бородулиха ауданында құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен сапар шегіп, жолда қалып қойған тұрғындарға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 45 градус аязға шыдамаған көлікті төтенше жағдайлар қызметкерлері сүйреп шығарып, адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді. Сондай-ақ Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай тас жолында бірнеше көліктің жанармайы қатып, жолда қалған. Оларды жылытып, қайта жолға салуға полиция қызметкерлері көмектескен. Сапарға шыққандардың барлығы да қатты аяз туралы хабарламаны ескермегендер дейді мамандар. Жалпы қазір ауданаралық жолдарда 36 полиция наряды жұмыс істеп жүр.