Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спортшылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл санатқа шахмат олимпиадасының ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған консультативтік құжат жобасынан белгілі болды. Мұндай көмек алу үшін қойылатын талаптарға да өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Оның ең бастысы – міндетті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға дейін төмендету. Алайда, бұл ретте талапкер 10 жыл Қазақстанда және дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етуі тиіс. Ескерту: құжат жобасында өмір бойы материалдық көмек тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Құжат жобасын талқылау мерзімі – 9 тамызға дейін. Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай көмек Олимпиада, Паралимпиада және сурдлимпиада жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына беріледі.