Абай облысындағы Үржар әуежайын қайта жаңғырту аяқталды

Жолаққа 2008 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайдың ұшу-қону жолағын, аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы 2020 жылы жасалған. Облыс орталығының әуе айлағында такси жолы, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау да жасалды. Туристік маусым кезінде “Оңтүстік аспан” авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстерін ашты.