Бұған дейін осы іс бойынша застава командирі күдікті деп танылған. Оның адвокаты Сержан Пірәлиев тергеу шараларымен келіспей, марқұмның аяқкиімінде және аузында өзге адамдардың биоматериалы анықталғанын мәлімдеген еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, қорғап жатқан күдіктінің ДНҚ-сы табылмады. Ішкі істер министрлігі адвокатты этиканы бұзғаны үшін айыптады. Ал әскери прокуратура Жамбыл облысындағы “Шөлдала” шекара заставасында болған сарбаздың суициді бойынша тергеуді қайта бастауға шешім қабылдады. Айта кетейік, былтыр тамыз айында Жамбыл облысының шекарасында әскери борышын өтеген 18 жастағы Бекбол Мираш ат қорадан өлі табылды. Осыдан кейін бөлім командирі қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.