Алматы облысында болашақ атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді

Тыңдау 28 ақпанда сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында болады.
“Онда жергілікті тұрғындар жоба туралы пікірін білдіріп, арнайы келген сарапшыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі. Іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз. Кездесуді қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады. Тыңдауға оффлайн қатысуға да болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек”, – делінген Samruk-Kazyna official Telegram-арнасында.