Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев ауылшаруашылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесінде кімдер тегін жеміс-жидек алып жатқанын айтты. Оның мәлімдеуінше, олар қазақтар емес. Әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен видеодағы жеміс-жидекке таласқандар – тәжік фермерлерінің өздері. “Төбеге шығып, алып жатқандар – біздің Тәжікстаннан келген қонақтарымыз. Пирамиданы жасаған фермерлер өздері біздің тұрғындар пирамидаға шықпасын деп жеміс таратқан. Бұл қауіпсіздік үшін жасалды”,- деді Мақсат Жаңабаев. Жәрмеңкеге Тәжікстанның Соғды облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан барлығы 1000 тоннадан астам өнім әкелінді.