Елімізге келген шетелдіктер турист жарнасын жаңа ережемен төлейді

1 тамыздан бастап шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережесі күшіне енді. Мәдениет және спорт министрінің 14 шілдедегі бұйрығына сәйкес, туристік жарна жергілікті мәслихаттар анықтайтын 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейінгі белгіленген мөлшерлемеде қолданылады. Естеріңізге сала кетсек, жыл басынан әкімдіктердің бюджетіне шетелдіктер төлейтін туристік жарна есебінен шамамен 314 млн теңге түсті.