Шерзат Болаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Жоғарғы сот аталған іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешімді қабылдады. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналында көруге болады. Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында шыққан жанжал соңы төбелеске ұласқан еді. Соның салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала қаза тапқан еді.