Бір адам өлі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қаладағы “Жомарт” базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті. Өртті сөндіруге 97 өртсөндіруші жұмылды деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі. Ғимараттың 1700 шаршы метрі өртеніп кетті. Ақпарат бойынша, 45 минут ішінде өртсөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеген. Екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірген. Оқиға орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жатыр.