Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деді. “Бұл мәселе сегіз жылдан бері талқыланып келеді. Осы уақыт ішінде әртүрлі жер учаскесі сейсмикалық, инфрақұрылым, тұтыну негізінде зерттелді. Қазір екі орын бар. Бірі – Алматы облысындағы Үлкен ауылы, екіншісі – Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы. Сейсмикалық жағынан қолайлы. Инфрақұрылым тұрғысынан басым жақтары көп. Өйткені осы жерден 500 киловольт “Солтүстік – Оңтүстік” электр желісі өтеді. “Самұрық-Қазына” жанынан ұйымдастырылған жобалық топ барлық зерттеуді жүргізуі тиіс”, – деді Мырзағалиев.