Энергетика министрлігі дизель мен бензин бағасына қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде АИ-92 маркалы бензиннің болжамды бағасы 240 теңге, дизель бағасы 400 теңге болатыны көрсетілген жанармай құю станциялары желісінің құжаты тарады. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ақпараттық бюллетеньді әлеуметтік желіден көріп, компанияға хабарласқан. “Бұл хат екі айдан бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Компания өз тұтынушылары үшін осындай болжамдар жасап, коммерциялық ұсыныс жасағанын айтты. Бұл шаруашылық субъектілері мен нарықты бағалау арасындағы қарым-қатынас. Менің ойымша, дизель 400 теңгеден болмайды. Негізінде қазір бағаның біршама төмендегенін көріп отырмыз”, – деді Мағауов. Ол нақты баға мұнай бағасына байланысты болатындықтан, оның бағасын болжау қиын екенін айтты.