Шығыс Қазақстан облысында блокбекеттер орнатылады. 1 қарашадан бастап облыстың сыртқы шекараларында блокбекеттер қойылады. Мұндай шешімнің шығарылуына облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себеп. Өйткені тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілері эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамай отыр. Шекаралас мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары да толастамай тұр. Өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді.