Төрт банктің жарнамасынан заңбұзушылық анықталды

Төрт банктің жарнамасынан заңбұзушылық анықталды. Бұған қатысты қаржынарығын реттеу және дамыту агенттігі шара қолданды. Мониторинг барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ банк қызметі туралы жарнамада лицензия берген органның атын жазбаған. «Альфа-Банк» жылдық пайыз мөлшерлемесін анық көрсетпегені үшін, «Сбербанк» жарияланған күні шындыққа жанаспаған жарнама шығарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.