Бірақ Күршім аймағындағы жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр. Қатты жел өртсөндірушілер жұмысын қиындатуда. Олар түнде де тоқтамай жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртті сөндіруге 1167 адам, 123 техника, екі Ми-8 тікұшағы, екі Ми-2 тікұшағы, еурокоптер және төрт жанармай құятын көлік жұмылдырылған. «”Күршім ауданында “Марқакөл орман шаруашылығы” РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрт жайылған алдын ала аумақ – 1 800 гектар. Жақын орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндіру жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.