Ресми деректерге сүйенсек, 39 жастағы Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен. “Ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендірген. Ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр”, – деп мәлімдеді полициядағылар.