Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақпаратты Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында растады. “Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды”, – делінген хабарламада.