Газ бағасын бірте-бірте көтеруді жоспарлап отырмыз – вице-министр

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, газ бағасы төмен болғаннан кейін, оны тұтыну көлемі 28 пайызға өсіп кеткен. Ал өндіріс, керісінше, төмендеп бара жатыр. Вице-министр газға көшкен автокөліктер саны да артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде олардың саны алты жүз мыңға дейін барады. “Газ тұтыну көлемі болашақта өсе береді. Сондықтан нақты экономикалық балансқа келтіру үшін бағаны кезең-кезеңмен әр облыстың жағдайын ескеріп, көтеруді жоспарлап отырмыз”, – деп түсіндірді шенеунік.