Шымкентте қарамағындағы қызметкерлерден бір жыл бойы пара алған майор ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24». Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметінің командирі, майор Әлімханов қызмет бабын асыра пайдаланып, 178 мың теңге мөлшерінде пара алған. Оның бұған дейін де бірнеше рет «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барғаны белгілі болды. Ол бұлтартпау шарасымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.