Шымкенттік полицейлер тәртіптік жауапқа тартылды

Екі полицей базар жағалап, жаңғақ сатқан әжеге қатысты қызметін асыра пайдаланған. Олар бүгін кешірім сұрады. Тәртіптік кеңестің отырысында әжей полицейлердің әрекетіне шағым түсірмейтін болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қос қызметкер кейуананың телефонын тартып алып, дауыс көтерген. Бұл қалың жұрттың наразылығын тудырды.