Жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға болады

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов осылай деп хабарлады. Тіпті ол куәлікті онлайн ауыстыруға да болады. Былтыр әрбір облыс орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын машиналар орнатылды. Бұл автокөлік номірлері мен «дубликаттарын» жасауға кететін уақытты 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде осындай екі машина ғана болғандықтан, номірлерді 20-25 күн күтуге тура келетін, – деді ішкі істер министрінің орынбасары.