Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті. “Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын”, – деп жазылған жеделхатта. Сонымен қатар, Тоқаевты жеңісімен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон құттықтады.