Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы “достықтың, тату көршіліктің және өзара сыйластықтың игі дәстүрлеріне негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастары өте табысты дамып келе жатқанын” қосты. “Біз оларды жақсарту үшін бірлесе жұмыс істей береміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен толағай табыс, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін”, – деді Ресей Президенті Тоқаевқа.