СІМ Ливандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр.
Айта кетейік, Ливан астанасы Бейруттегі кемежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. Ақпарат көздері 78 адам көз жұмғанын хабарлайды.
Тағы 4 мыңнан аса адам жарақат алған. Жарылыс салдарынан бірнеше шақырым жердегі ғимараттарға, халықаралық әуежайға нұқсан келді. Ливандағы Қазақстан Елшілігі де зақымданған. консул жеңіл жарақат алған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әйбек Смадияровтың айтуынша, жарылыс кезінде жапа шеккендер арасында басқа да қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр.