Өскеменде екпінді жел электр желілерін үзді

Шағынаудандар мен ауылдар жарықсыз қалды. “Ауа райының нашарлауына және желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жетуіне байланысты қалада электр қуаты жоқ. Табиғи құбылыс салдарынан сымдар мен электр кабельдері үзіліп кетті”, – делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазір авариялық электр желілерін “БЭСК” АҚ жедел-көшпелі бригадалары қалпына келтіріп жатыр.