ҚТЖ жолаушыларды Қарағандыдан Теміртауға дейін тегін тасымалдайды

Ауа райының қолайсыздығынан тасжолдың Қарағанды-Теміртау учаскесінде автокөліктерге шектеу енгізілді. Осыған байланысты “Жолаушылар тасымалы” АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр – Теміртау пойызымен жолаушыларды тегін тасымалдайтын болды. Анықтамалық ақпаратты “1433” тегін нөмірі арқылы алуға болады.