Өскеменде карантин мерзімі тағы екі аптаға ұзартылды. Өңірде оң өзгерістер болса да, әлі де қызыл аймақта деп хабарлайды 24.kz. Айдың басымен салыстырғанда күнделікті жаңа деректердің тіркелу көрсеткіші 30-40%-ке азайды. Десе де, сары аймаққа оралу үшін күн сайын вирус жұқтыру көрсеткіші 100-ден аспауы тиіс. Жаңа қаулыға сәйкес, ашық алаңқайдағы және ғимарат ішіндегі кейбір базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда бұл жеңілдіктер Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласы үшін қолданылмайды. Себебі аталған өңірлердегі ахуал тұрақталмаған.