Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 18 желтоқсанда болады

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 18 желтоқсанда болады. Ол чемпиондық белдігін 21-інші мәрте қорғайды. Бұл – өзіндік рекорд. Жекпе-жек кеші Флорида штатының Холливуд қаласында өтеді. Бұл жөнінде DAZN спорттық стримингтік қызметі мәлімдеді. Генадий Головкин польшалық боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады. Жерлесіміздің қарсыласы 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Енді IBF тұжырымының талабы бойынша қос мықты кездесуі қажет. Айта кетейік, Головкин ең соңғы кездесуін бір жыл бұрын өткізді. Нью-Йорк қаласында украниналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белдікті иемденген болатын.