Айыпталған бесеудің ішінде құқық қорғау органында жұмыс істеген адам да бар. Алаяқтардың құрығына іліккендердің саны 100-ден асып жығылады. Оларға ақша салып, пассивті кіріс алуды, ең жақын туыстарын тарту ұсынылған. Жәбірленушілерге 109 миллион теңгеге жуық шығын келген. Егер аса ірі көлемдегі алаяқтық дәлелденсе, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.