Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі

Ол 11 наурызда басталады. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды. Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр.