Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткен

Еgov.kz сайтында және қолданбасында, сонымен қатар банктердің бірінде “Цифрлық құжаттар” бөлімінде отандастарымыздың туған күні бір күнге артқа шегерілген. Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды. Еgov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе “Құжаттарды жаңарту” батырмасы арқылы шешіледі.