Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Стати тарабы өзінің Қазақстанның дипломатиялық меншігіне тыйым салу жөніндегі заңсыз әрекетін кері қайтарып алды.
Ол өз өтініштерін биыл шілдеде берді. Онда олар Қазақстанның Вашингтондағы дипломатиялық резиденциясы коммерциялық кеңсе ретінде пайдаланылды деп жалған мәлімдеме жасаған. Биыл тамызда Қазақстан сотқа толықтай материалдарды ұсынып, Статидің мәлімдемелері жалған екенін дәлелдеді.