Токио метросында зардап шеккендер саны 17 адамға жетті

Пойыз вагондарының бірінде Джокер сияқты күлгін костюм киген ер адам пышақпен айналасына шабуыл жасаған. Кейін вагонға жанғыш сұйықтық төгіп өртеп жіберген. Reuters агенттігінің мәліметінше, оқиға әлемдегі ең көп жүретін теміржол вокзалы Синдзюкуға бет алған Кэйо экспресс жолында болған. Құқық қорғау органдары ер адамды ұстады. Оның әрекетінің себептері айтылмады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті билікке “адамдарды өлім жазасына кесуді қалайтынын” айтқан.