Бұл туралы қыздың анасы Анастасия Зеленая өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол елордадағы «Доктор Бро» стоматологиялық клиникасында қызының тісін емдеткен. Араға екі апта салып қызы комаға түсіп қалған. Әйелдің айтуынша, клиникада баладан жалпы қан анализі мен коагулограмма алынған. Басқа сынамалар мен талдаулар жүргізілмеген. “Бір жарым жыл бойы қызымның суретін әлеуметтік желіге салмадым. Бірақ қазір атауын басқаға ауыстырып алған клиникаға барған қызымның жағдайы қандай екенін көрсеткім келеді. Неге менің қызым осындай жағдайға тап болды? Біз өз қайғымызбен жеке қалдық. Сіздердің ар-ұяттарыңыз қайда?” – деп жазды ашынған ана әлеуметтік желідегі парақшасында. Қоса кетейік, стоматологиялық клиниканы тексеру барысында онда бірқатар олқылық анықталған.