Германияда коронавирустың дельта штамы таралып жатыр

Әр ПТР тесттің нәтижесі коронавирустың жаңа штамын анықтау үшін тағы бір мәрте тексерілетін болады. Бұл науқаста қауіпті дерттің үндістандық нұсқасын анықтау үшін қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны дельта вирус деп атады. Вирустың бұл түрі өзгелерге қарағанда тез тарайды. Мәселен, Ұлыбританияда «дельта вирус» жаңадан тіркелген адамдардың 96 процентінде табылса, Германияда 6 процент науқаста анықталған. Соның өзінде неміс сарапшылары әлден дабыл қаға бастады.