Студенттер дипломдық жұмысты онлайн форматта қорғайды

Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов осылай деп мәлімдеді. Қазір студенттердің басым көпшілігі қашықтан білім алуда. Кейбірі өз үйлерінде, кейбірі жатаханада жатыр. Оқытушылар онлайн сабақ беріп жатқандықтан, магистрлер диссертациясын, бакалавр студенттері дипломдарын электронды форматта өткізуге болады. Нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді қазір студент дипломдық жұмысын онлайн трансляция арқылы қорғаса, оған университетке қайтадан келіп, біреуден қол жинап, мөр қойғызу керек деген талап қойылмайды, – деді министр.