Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Алматы облысындағы “Нұр-Жолы” кеден бекетінің қызметкерлерін ұстады.
Белгілі болғандай, ұсталғандардың арасында мемлекеттік кірістер, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау органдарының қызметкерлері бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.. Тергеудің болжамынша, қызметкерлер жүйелі түрде пара алып, сол үшін адамдарды Қазақстан-Қытай шекарасынан тексерусіз және тиісті процедураларсыз өткізіп отырған.
Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауда ұстап отырғандарын хабарлады. Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне орай аталған іске қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бере алмайтынын жеткізді.