Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz..

Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді. Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арна бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс”, – деді Цой. Айта кетейік, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның бейсенбі, 13 тамызда өтетін отырысында айтылады.