Тәліптер Ауғанстан әйелдеріне жұмысқа бармауға, үйде отыра тұруға кеңес берді

Бұл туралы “Талибанның” ресми өкілі Забихолла Моджахидке сілтеп Би-би-си хабарлады. “Біздің қауіпсіздік күштеріміз әйелдермен қалай сөйлесіп, қалай қарым-қатынас жасауды біле бермейді. Қауіпсіздіктері толық қамтамасыз етілгенше әйелдердің үйде отыра тұрғанын қалаймыз, бұл көпке созылмайды”, – деді Моджахид. “Талибан” өкілі Кабулдағы эвакуацияны да сөз етіп, әуежайда дүрбелең болып жатқанынын, ауғандардың онда бармай-ақ қойғаны дұрыс болатынын айтты. Моджахид Вашингтонды Ауғанстаннан кеткісі келетіндерді ынталандырмауға шақырды. Оның сөзінше, Ауғанстан талантты азаматтарға өзі де зәру.