Ішкі істер министрі “Астана LRT” экс-басшысы Талғат Ардан мен елорданың бұрынғы әкімі Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты айтты. “Қылмыстық істі біз де, Ішкі істер министрлігі де тергеп жатқан жоқ. Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Біз іздестіру шараларын халықаралық деңгейде жүргізіп жатырмыз. Шетелге қашып кеткендерді іздестіру күдікті жасырынған елмен жасалған келісімге және олардың құқық қорғау органдарының қылмыскерді ұстап беру туралы келісіміне байланысты. Сондықтан бұл мәселенің бәрін Бас прокуратура шешеді”, – деді Тұрғымбаев. Еске салайық, қазанның басында Нұр-Сұлтан соты LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, істі прокурорға қайтарған болатын.