Қазақстанда төрт жаңа колония салынбақ

Фото: КТК

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай жоспар бар екенін айтты. “Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа колониялар салу бойынша үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жыл ішінде біз үш облыста бір жарым мың орындық жаңа типтегі төрт колония салуды жоспарлап отырмыз”, – деді министр. Оның айтуынша, жаңа колонияларда жұртшылық пен халықаралық ұйымдар талап ететін барлық нормалар сақталатын болады.