Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қол қойған бұйрық 11 наурыздан бастап күшіне енеді. Ережеге сәйкес, зейнетақы жинақтарын мынадай жағдайда пайдалануға болады. Тұрғын үйді немесе жер учаскесін қолма-қол ақшамен сатып алу; ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарнаны құю, берешекті ішінара немесе толық өтеу; Ислам банкінің қаржыландыруы негізінде тұрғын үй сатып алу, қарызды ішінара, толық өтеу; жалдамалы үйді жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату; жеке тұрғын үйдің құрылысына ақша алуға болады. Айта кетейік, жұбайы мен жақындарының, туыстарының жинағын пайдалануға болмайды.