Қырғызстанда қайтыс болғандарды кремациялауға рұқсат берілді

Елде мемлекеттік крематорийлер үкімет қаржысына салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді. «Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттерін даладағы қоқысқа лақтырып жатыр”, – деді Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев. Депутат кремациялау қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асыратынын айтты.