Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар станциясында түнгі сағат екі шамасында Алматы – Ақтоғай жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен. Оның бірі – платформа үстіне қойылған контейнер болса, екіншісі – жанармай құйылған 60 тонналық цистерна.”Құлаған цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, 600 шаршы метр аумақта өрт шықты. 75 метр шойын жолға зақым келді”, – делінген төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарламасында.Өрт салдарынан Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 10 жолаушы пойызы тоқтатылды.”Қазақстан темір жолы” компаниясының құрылымдық күштерінің көмегімен 10 жеке тұрғын үй секторының 42 тұрғыны эвакуацияланып, олар Шокпар ауылындағы туыстарының үйіне орналастырылды.