Бір тәулікте елімізде 1495 адамнан коронавирус анықталды

фото: Газета. Ру

Оның 492-сінде ауру симптомдары байқалған. Бір тәулікте 75 адам жазылып, 10 адам қайтыс болған. Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап вирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі бөлек санақ жүргізіп отыр. Коронавирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына тек “ауырғандар” кіріп отыр. “Ауырғандар” арасында көш басында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, “тасымалдаушылар” арасында Қарағанды (2380 адам) және Атырау (2264 адам) облыстары тұр.