Түркия Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бұзды. Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Түркияны осылай деп айыптап отыр. Оның айтуынша, Түркия Әзербайжанды Таулы Қарабақтағы соғысты жалғастыруға итермелеп отыр. Еске салайық, 10 қазанда Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалған болатын. Бірақ сол күні-ақ, екі ел Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылғанын мәлімдеді.