Футболшы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды

Футболшы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Португалия құрамасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Енді ол Ұлттар лигасы аясындағы Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыса алмайды. Футболшы ауруды жеңіл, симптомсыз өткеріп жатыр. Роналду командадан оқшауланды.