Түркияда шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр

Түркияда шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр. Елде вирустың таралуы қайта қарқын алған деп хабарлайды 24.kz. Қалалардағы мейрамханалар мен дәмханаларды бақылау күшейтілді. Бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған азаматтарға айыппұл салынбақ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта күн сайын 1 жарым мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Жалпы Түркияда дертті жұқтырғандардың саны 281 мыңнан асқан. Олардың 252 мыңдайы аурудан айыққан.