Қайғылы оқиға Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылынан 5 шақырым жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар үнемі шұңқыр маңында ойнайды екен. 2012 жылы туған бала шомылғысы келіп, суға секірген. Оның батып бара жатқанын көрген екінші бала көмекке жүгірген. Екеуі де өздігінен шыға алмай, суға батып кеткен. Бұл жағдай басқа балалардың көз алдында болған. Осыған ұқсас жазатайым оқиға ай басында Шымкенттегі “Қайтпас” шағынауданында болған еді. Онда 2007 жылы туған жасөспірім 2 метр карьер суына батып кеткен болатын.