Самарқандтық полицейлер Қазақстаннан келген туристерді ұстап, оларға электрошокер қолданды

ІІМ бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, түнгі сағат шамамен 3.30-да Самарқанд қонақтары, олардың үшеуі Қазақстаннан, біреуі Ташкенттен, жергілікті түнгі клубтан шыққан. Туристер такси күтіп тұрғанда екі полиция қызметкері келіп құжаттарын көрсетуді, кейін олармен бөлімшеге баруды сұраған. “Олар Самарқандта коменданттық сағат екенін айтты. Фото, видео және өтініш бар. Заңға сүйене отырып не үшін ұстағанын түсіндіруді өтінгенімізде, жауап алмадық. Ташкент пен Самарқандта заң бөлек болмаса”, – деді зардап шеккендердің бірі, оның сөзін Podrobno.uz басылымы келтірді.