Оқиға былтыр Сауран ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің 6 қызметкері екі күдіктіні полиция бөлімінде заңсыз ұстаған. Мал ұрлығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағандығын мойындату, қылмысты ашу бойынша көрсеткішті жасанды түрде көтеру үшін күдіктілерді қорқытып, физикалық күш қолданған. Сот отырыстарында күдіктілер жәбірленушілер ретінде жауап берді. Олар сотталушының біреуіне кешірім беретіндігін айтты. Төрт сотталушыға 4 жыл мерзімге, екі сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Барлығы арнаулы атақтарынан және 3 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айрылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске салайық, былтыр әлеуметтік желіде полиция басқармасында азапталған ер адамның дауысы жазылған видео жарияланған еді. Тексеру кезінде бұл видеоның Сауран аудандық полиция бөлімінде түсірілгені анықталған.